«ҮИИД бағдарламасының 2013 жылғы қорытындысы шығарылады, біз ол туралы толық есеп беруге дайынбыз «

alogo1223333334Премьер-министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз маслихаты кезінде ҮИИД бағдарламасына қатысты бірқатар мәліметті жария етті. Исекешов Президент сынын орынды келе, осы салада атқарылып жатқат және атқарылатын жұмыстардың бір парасымен таныстырып өтті. «Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде 50 заңнамалық акті, 23 салалық бағдарлама, 16 өңірлік бағдарлама әзірленді және мүлдем жаңа индикаторлар енгізілді, олар– еңбек өнімділігі, шикізат емес өнімдер экспорты, энергия тиімділігі және көрсеткіштер. Бұл жүйелі мәселелерді біз өте маңызды санаймыз және біз олардың бәрін шеше алмадық, ол рас. Бәсекелестікті дамыту, ШОБ дамыту, инфрақұрылым, кадрларды даярлау сияқты мәсеелердің әлі де болса толық үдесінен шыға алмай отырмыз, бұл туралы Мемлекет басшысы да айтты. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында ҮИИД бағдарламасының 2013 жылғы қорытындысы шығарылады, біз ол туралы егжей-тегжей есеп беруге дайынбыз», деді министр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз