16 мыңға жуық атыраулық әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді

6024f8a1 0e5e 4066 9f51 d16f69c3f7bc Қоғам

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариева мәлім етті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, биыл мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 17 901 өтініш түскен. Оның 15 708-і, яғни, 87,7% әлеуметтік қызметтер порталы арқылы құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген.

  • Облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін 73 инватакси қызмет көрсетеді. Олардың 14-і арнайы жабдықталған, ал 59-ы жабдықталмаған. Жыл басынан 73 инватаксимен 1775 қозғалуда қиындығы бар мүгедектерге 136 386 тасымал жасалды. Сондай-ақ, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүгедектігі бар адамдарға 259 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысанын бейімдеу жоспарланып, оның 104-і жүзеге асырылған, – деді А.Төлеғариева.

Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша барлық санаттағы мүгедектігі бар жандар саны 24 619 адамды құрайды. Оның ішінде, I топта 2289 адам, II топ бойынша 8835 және III топта 9321 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар саны 4174.

Қазір облысымыз бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы» мен «№3 Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Бұл мекемелерде барлығы 1378 адам қызмет алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз