Италия – сенімді инвестор

2015-2016 жылдар Қазақстанда «Италия мәдениетінің жылдары» болып аталды. Осы шара аясында екі ел арасындағы байланыста көптеген тың жаңалыққа қол жетті. Жан-жақты қарым-қатынас арқылы мол тәжірибе алмасу шаралары қолға алынды.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың Италияның Қазақстандағы елшісі Раваньян Стефаноны қабылдау барысында мейман осы жайттарды айтып, Атырау өңірінің экономиканың қай саласына инвестиция салу мүмкіндіктерінің бар екендігін, екі ел арасындағы байланысты нығайту жолдары төңірегінде пікірін ортаға салды.

– Италиялық кәсіпкерлердің Қазақстан экономикасындағы үлесі өте зор. Қазір олардың капиталы арқылы бізде 33 мекеме қызмет атқаруда. Сондықтан да, арадағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүмкіндік мол, – деді облыс әкімі.

– Қазақстанда жұмыс жасап жатқан италиялық бизнесмендердің қатары артып отыр. Атыраумен арада саяси және экономикалық мәселелер бойынша әрқашан пікір алмасып, сол қалыптасқан үрдісті бекіте түсуге мүдделіміз – деген елші қазақстандық тараппен шынайы әріптестіктің жалғасатынына сенім білдірді. Раваньян мырза жоғары білім беру жүйесінде студенттер алмасудың ойластырылып жатқанын да жеткізді. 

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз