Жедел жəрдемге – жаңа көлік!

screenshot 5 Медицина

ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНА 20 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ САЛТАНАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТАБЫС ЕТІЛДІ.

– Облыстық жедел жəрдем станциясына жаңа көліктердің берілуі облыстағы денсаулық сақтау қызметі сапасының артуына үлесін қосады. Соңғы екі жылда бюджет есебінен жедел жəрдем қызметіне 40-тан астам санитарлық автокөлік пайдалануға берілген. Бүгінде мемлекет тарапынан санитарлық көлік автомобильдерін жаңарту бағдарламасы аясында жаңа көліктермен қамтамасыз етіліп отыр. Жаңа автокөліктер медициналық жедел жəрдемнің сапасын арттырып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді,- деді денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне медициналық көліктің кілтін табыстаған облыс əкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

screenshot 8

Облыстық медициналық жедел жəрдем станциясының директоры Азамат Ерболовтың айтуынша, медициналық жедел жəрдем көліктері санитарлық көлікті жаңарту бағдарламасының Жол картасы аясында беріліп отыр.

– «БРК Лизинг» АҚ-ның қаржылық лизинг шарттары бойынша отандық тауар өндіруші «Hyundai Trans Auto» ЖШС-нен «С» санаты бойынша 10, «В» санатымен 10 Hyundai H350 автокөлігі алынды. Жақын күндері 5 JAC көлігі жедел жəрдем станциясын толықтырады. Облыстық медициналық жедел жəрдем станциясы көлікпен толықтай қамтылған. Станцияда дəрігерлер мен фельдшерлер халыққа жүйелі қызмет көрсетіп келеді. Биылдан бастап станцияның жаңа ғимаратының құрылысы басталады. Қаңтар айынан бастап министрлік тарапынан қызметкерлердің еңбекақыларын көтеру мəселесі көзделіп отыр, – деді Азамат Əлитұрлыұлы.

screenshot 9

Жаңа көліктер озық үлгідегі дефибрилляторлармен, жасанды тыныс алу аппараттары, электрокардиографтармен (ЭКГ), тағы басқа неміс жəне италиялық медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз