АЛЛЕРГИЯ

неден пайда болады?
Кішкене баладан бастап қарияға дейін аллергияны жақсы біледі. Яғни, бұл сырқатты туындататындар: өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмек және басқа да факторлар.

Бұл аурудың көп тарағаны соншалық, тіпті кейбір кісілер сондай белгілерді (түшкіру, мұрын бітелу, жөтелу, көздің жасаурауы) сезінгенде өздеріне аллергия деп диагноз қойып, дәріханадан тиісті дәрілерді сатып алып, өз бетінше ем қолданады. Бұл, әрине, дұрыс емес.
Медицина тілімен айтсақ, аллергия кеселі аллергендермен қоздырылады. Бұл адам ағзасының өзгергендігі болып саналады. Бұл – бұрын-соңды сезініп жүрген химиялық, дәрілік, физикалық, биологиялық, басқа да заттарды өзгерген ағзаның дұрыс қабылдамауы. Бірін-шіден, өзгерген ағза аллергендерге антигендерді ендіреді, екіншіден, әрі қарай аллергендермен кезіккен кезде реакция беріп, аллергияны тудырады.
Қозатын аллергиялық реакцияның күші де әртүрлі болады. Ең жиі аллергиялық реакция тері мен кілегей қабаттарда кездеседі. Ал, соңғы жылдары аллергия адамның ішкі құрылыстарында кездесетін болып жүр.
Бетіміздің қызаруы, құрғақ теріміз сол аурулардың бастама белгілерінің бірі екендігін біле бермейміз. Сондықтан да, аллергия болсын, қауіпті ісіктер болсын кең таралуда. Ал, тиісті ем ғана кеселден толық айықтыратындығын естен шығармауға тиістіміз.
Балалар мен ересектерге айтарымыз: аллергия, тері ауруларын асқындырып алмай, дәрігерге көрініңіз. Уақтылы қаралсаңыз, аталмыш аурудың алдын алуға толықтай мүмкіндік бар.

Нысангүл АСАНОВА,
№7 қалалық емхананың
дерматолог дәрігері.
Атырау қаласы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз