«Zhastar fest» кеші өтті

aarpaprararapraara Мәдениет

Атыраулықтар Халықаралық жастар күнін атап өтті.

Атырауда Халықаралық жастар күніне орай «Zhastar fest» кеші өтті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен концертте жергілікті жұртты Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев құттықтап, жастар қоғамның маңызды бөлігі екенін атап өтті.

  • — Жастар – мемлекеттің негізгі тіреуші күші, қоғамның маңызды бөлігі. Елдің жастары мықты болса, келешегі де соған сай тұрақты, мығым болары сөзсіз. Сол себепті де, Тәуелсіздіктің рухымен өсіп келе жатырған бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз. Баршаңызды халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!, деді Ж.Бисембиев.

Іс-шарада танымал эстрада жұлдыздары мен жергілікті және көршілес облыстардан келген әншілер, сондай-ақ би топтары өнер көрсетіп, жиылғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Концерттік бағдарламамен қатар, осы алаңда бірнеше спорттық іс-шара өтті. Спорт сүйер қауым шахмат, кір тасын көтеру, армрестлинг, арқан тарту, көңілді эстафета және Жайық жағасындағы URBAN ART-ты тамашалап, бақ сынауға мүмкіндік алды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз