Атырауда суретші Камила Жапалованың арт-галереясы ашылды

img 3437 Мәдениет

Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, мәдениет қайраткері, Атырау қалалық мәслихатының депутаты, халықаралық заманауи өнер академиясының мүшесі Камила Жапалованың «BatiKKami»  арт-галереясының ашылу салтанаты  өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Атырау қалалық мәдениет бөліміне сілтеме жасап.

Арт-галереяның негізгі мақсаты – қазақ халқының өнері мен қолөнерін насихаттау, дарынды және ынталы суретшілерге қолдау көрсету, жаңа талантты балаларды алға жетелеу, көркем-шығармашылық қабілетін шыңдау. 

img 3439

Аталған мәдениет ордасы  қаламыздың мәдениетінің дамуына және өнерсүйгіш жастарды қалыптастырып, олардың жарқын болашағына жол ашуға, жастардың қазақ өнеріне деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға үлес қоспақ. 

img 3438

Шараға белгілі суретшілер және Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары қатынасты.

img 3440
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз