Атыраудағы жағымсыз иіс: зерттеу жұмыстары жүргізілуде

img 20240325 wa0066 Экология

Атырау қаласында таңертең сезілген жағымсыз иіс бойынша облыстық экология департаменті
«Қазгидромет» РМК-ның жергілікті филиалымен бірлесе атмосфералық ауа сапасына бақылау жасап, мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде «Акимат», «Авангард», «Восток» автоматтандырылған ауа сапасын бақылау станцияларында атмосфераға тараған күкіртсутегінің көлемі рұқсат етілген шекті шоғырланудан 16 есеге асқаны анықталды.

Талдау жұмыстары «Квадрат» булану алаңына, арнайы санитарлық қорғау аймағына және «АМӨЗ» аумағына жүргізілді. «Квадрат» су булану алаңы маңында солтүстік-шығыстан секундына 4 метр соққан желден күкіртсутегі мөлшері 6,2 есеге, санитарлық қорғау аймағында 21-25 есеге, «АМӨЗ»-дің тұрғын үйлер аумағы айналасында 17,5 есеге дейін рұқсат етілген шекті шоғырланудан асып отыр.

Мониторинг қорытындысы облыстық экология департаментіне жіберілді.

Сонымен қатар аталған департамент және «Қазгидромет» мамандары бірлесіп Сарыөзек ауылынан, солтүстік өндірістік аумақтың санитарлық қорғау аймақтарының бірнеше жерінен ауа сынамаларын алды. Алайда бұл орындарда ластаушы заттар шекті мөлшерден аспаған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз