“Атамекен Эко” Атырауға 700 тал егуді жоспарлап отыр

img 20220416 wa0130 Экология

“Атамекен Эко” қоғамдық қоры бүгінгі сенбілікте 100 түп алма, алмұрт, өрік, шие ағаштарын отырғызды.

Қоршаған ортаны қорғап, табиғатты аялауды мақсат еткен қоғамдық қор жалпықалалық сенбілік күні жеміс ағаштарын екті. Балықшы ықшамауданындағы “Отбасы саябағында” қор өкілдері 100 түп алма, алмұрт, шие, өрік ағаштарын отырғызды.

  • – Мемлекет тарапынан жер аумағын ғана алдық. Суаруға қаладағы осы жұмыстармен айналысатын компания көмектеседі. Ал, тал егу, оны күтіп-баптау, қоршау – өзімізден. Атырауға белгілі меценат Махмут Мералиев демеушілік жасамақ. Жұмыскердегі ботаникалық саябаққа 40 түп жеміс ағашын ектік. Биыл 700 ағаш отырғызу жоспарымызда бар, – дейді “Атамекен Эко” қоғамдық қорының төрағасы Арман Хайруллин.

Айбөпе САБЫРОВА

img 20220416 wa0131
img 20220416 wa0132
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз