АМӨЗ «Таза әлем» экоакциясын ұйымдастырды

img 20240316 wa0034 Экология

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары арасында «Таза әлем» экоакциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұжымның ауызбіршілігін, ұйымшылдығын арттырып, командалық рухты нығайту.

Күн райының қолайсыздығына қарамастан жұмысқа кіріскен 250-ге жуық қызметкер кеңселер мен технологиялық қондырғылар аумағын тазартып, 48 текше метрден астам қоқыс жинады. Оның 18 текше метрі мердігер компанияның көмегімен полигонға жөнелтілсе, қалған бөлігі алдағы апта ішінде шығарылады.

Іс-шара соңында қатысушыларға ыстық тамақ таратылды. Зауыттықтар үшін сенбілікке қатысу — тек жақсы дәстүр ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілік.

«АМӨЗ» ЖШС қоршаған ортаны қорғау және жақсартуға бағытталған іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз