ШӘКІРТІМІЗ ОЗАТ АТАНДЫ

Өз дәуірінің ойшылы Ж.Баласағұн «Ақыл қайда болса, ұлылық сонда болады. Білім кімде болса, сол білікті болады. Өмірдегі барлық жақсылық тек білімнен шығады» деген екен. Әйткенмен, білім жолы – қиын жол. Оның шыңына тек терең білімділер ғана шыға алады.

Біз кешегі өткен облыстық пәндік олимпиадада жүлделі бірінші орын алған 11-сынып оқушысы, «Алтын белгіден» үміткер Нұргүл Мұхамбетжанова мен жүлделі екінші орын иесі, 9-сынып оқушысы Азамат Рысқалиевті шын жүректен құттықтап, өздері қалаған тарих пен биология пәндерінен дәріс беретін ұстаздары – Э.Қадимова мен А.Сарыбаеваға шексіз алғыс айтамыз. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатудағы еңбектері елене бергей.

Назым ЕСТАЕВА,

«Зерде» ғылыми шығармашылық орталығының мүшесі,

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз