Депутаттың тосын сыйы

АПТА: түйін Білім Жаңалықтар

Атырау қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Мұса Хайруллиев өзі түлеп ұшқан білім ордасының оқушыларына тосын сый жасады. Өскелең ұрпаққа аға буын өкілдерінің өнегелі істерін үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған шараға мектеп түлектері мен  ардагер ұстаздар қатысты. 

ANU_1307

Халық қалаулысы Мұса Хайруллиев Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 2001 жылғы түлегі. Қашанда мектепке жан-жақты қолдау көрсетіп, көмекке мұқтаж отбасы балаларын қамқорлығына алып келеді.

Түлектермен кездесу барысында Мұса Хайруллиев өзінің жетістікке жету формуласымен  бөлісті. Алыстаған балалық шағы мен есейген сәті бейнеленген сахналық қойылымды тамашалады. Тосыннан қойылған сауалдарға жауап берді.

ANU_1392

Биыл бұл білім ордасынан 40-түлек үлкен өмірге жолдама алады. Олардың қоғамда өз орнын тауып, тұлға болып қалыптасуы үшін мектеп ұжымы барын салуда.

ANU_1336

Кездесу «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» жобасы аясында ұйымдастырылды. «Биыл «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «Нұр арман» гранты белгіленуде. Бұл грант аз қамтылған отбасы балаларына берілетін болады. Сондай-ақ, биылдан бастап біздің партияның бақылауымен ҰБТ-дан шекті бал жинай алмаған және оған қатыспаған балалардың оқуға түсуін қамтамасыз ететін шараларымыз жалғасатын болады» деді саяси жұмыстар бөлімінің басшысы Данагүл Жайлаубаева.

Алдағы уақытта партияның «Сәтті қадам» жобасы аясында мұндай кездесулер жиі өткізілетін болады.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған