Атырауда грек-рим күресінен республикалық турнир өтті

АПТА: түйін Жаңалықтар Спорт

Атырауда грек–рим күресін дамытуға үлес қосқан ұлағатты ұстаз, білікті бапкер, спорт ардагері Мұрат Қалбановтың 60 жас мерейтойына арналып грек – рим күресінен республикалық турнир өтті.

Турнир в честь ветерана спорта

№1 балалар мен жасөспірімдердің спорт кешенінде ұйымдастырылған жарысқа  2001-2003 жылы туған балалар қатысты.

Мұрат Төлегенұлы – республикаға танымал жаттықтырушы. Оның шәкірттерінің көпшілігі республикамыздың бірнеше дүркін жүлдегері атанды. Спорт ардагерінің осындай ерен еңбегін ескеріп, 60 жасқа толуына орай республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының редакциясы оны «Дене шынықтыру және спортты дамытуда қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен  марапаттады.

Жарысқа еліміздің Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Жаңа-өзен, Қызылорда, Орал, Тараз, Шымкент, Атырау   қалаларынан және Өзбекстаннан палуандар келіп бақ сынасты. Дода нәтижесінде 33 салмақ дәрежесі бойынша Нұр Ақылбек, 36 салмақта Ардақ Бұғыбай, Диас Қалабай (39 келі салмақта) мен Нұрбек Бағдәулет (42 келі салмақта), Наурыз Әбиболлаев (46 келі), Омар Сатаев (50 келі), Жанарыс Совет (54 келі),  Төлеби Тоғызбаев (58 келі), Иса Қожасов (63 келі), Рүстем Мақсотұлы (69 келі) жеңімпаз атанды.

 Ақерке БАЙМҰРАТОВА,

Атырау қаласы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған