Асқар Мамин – Қазақстанның Премьер-Министрі

20190225125605 Жаңалықтар

Atr.kz/25-ақпан, 2019 жыл. Асқар Мамин Қазақстанның Премьер-Министрі болып тағайындалды. Бұл туралы «Ақорданың»  твиттердегі ресми парақшасында жарияланды.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

20190225125605
Асқар Мамин

Нақтылай кетелік, бүгін ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшысы Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминді ұсынған болатын. Парламент Мәжілісі ҚР Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз