Мұқырдағы жәрмеңке көптің көңілінен шықты

bez imenivvaav Ауыл шаруашылығы

Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Оны ұйымдастыруға «Жұмабаева» жеке кәсіпкерлігі ұйытқы болды.

Округ әкімі Азамат Жақсиевтің айтуынша, дәстүрлі жәрмеңкені қайта жаңғыртудағы басты мақсат – ауыл тұрғындарына күнделікті тұтынатын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін  қолжетімді, базар нарқынан, сауда орандарындағыдан төмен  бағада сатылуын қамтамасыз ету.

–Менің ойымша бұл жолғы жәрмеңке жұрттың көңілінен шықты, оған келгендер осы жерден қажетін тапты. Саудагерлер көкөністер мен жемістерді әлдеқайда арзан бағада сатты. Базарлай келгендер де үйлеріне ризашылықпен тарқасып жатты. Картоп пен көкөніс, алма мен апельсин сияқты көп тұтынылатын тауарлардан бөлек, ауылдықтарға тауық жұмыртқасы мен сазан балығы, сүт өнімдері де қолжетімді бағамен ұсынылды. Сатушыға да, сатып алушыға да тиімді мұндай жәрмеңкелер әлі де жалғасын табатынына сенімдімін, – дейді ауыл әкімі Азамат Қонысұлы.

Дәулетқали АРУЕВ

Қызылқоға ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз