Атырау облысында концлагерь тұтқынына 1 млн. теңге беріледі

2cec0c553cde6ee704c283c2c2229651 1280x720 Әлеумет

Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай Атырау облысында бірнеше әлеуметтік төлем төленеді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтен білгеніміздей, ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерь тұтқынына 1 млн. теңге төленеді.

Бұл көмек облыс бойынша Атырау қаласының тұрғыны Екатерина Абсатыроваға ғана тиесілі.

-Бүгінде облыста Ұлы Отан соғысының ардагерлері жоқ. Әйтсе де Жеңіске үлес қосқан тыл ардагерлеріне назар аударылып отыр. Марапатталған 21 тыл ардагеріне 100 мың теңге, ал марапатталмаған 903 тыл ардагеріне 50 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. Сондай-ақ 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан 170 ардагерге жыл сайын 150 мың теңгеден төленеді.
Ал басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан 965 ардагерге жыл сайын 150 мың теңгеден көмек көрсетіледі, – деді Азамат Мәмбетов.
Айта кету керек, аталған әлеуметтік көмектер мамыр айында төленеді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз