Тасқыннан зардап шеккендерге бір реттік төлем төленеді

fb img 1713081373264 Әлеумет

Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға бір реттік төлем төлеуге құжаттар қабылдау басталды. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.

-Аталған төлемге құжат қабылдау екі жерде жүргізілуде. Тұрғындар Құлсары қаласы Қабдешов, 1 мекен жайында орналасқан Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе Махамбет даңғылы, 178-дегі «Мансап» орталығына баруы керек.
Теңіз кен орнында эвакуациаланған азаматтардан бір реттік әлеуметтік төлем үшін құжаттар теңіз кен орнынан ертең, 15 сәуір күні қабылдана бастайды, – дейді аудан әкімдігінің ресми өкілі.

Айта кету керек, мәселеге байланысты Маңғыстау облысымен де байланыс орнатылды. Тасқын судан зардап шеккен (үйі суға кеткен) жылыойлық азаматтардан құжаттар қабылдау пункттерінің мекен жайы әкімдік тарапынан қосымша хабарланады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз