Жылыой ауданында карантин 2 шілдеге дейін ұзартылды

200617211629a3662912d COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/18 маусым, 2020 жыл. Бұл туралы Жылыой ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Талғат Хабибуллиннің қаулысында айтылған.

«Жылыой ауданында эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтану үшін карантин режимі және шектеу шаралары 2020 жылдың 2 шілдесіне дейін ұзартылсын» делінген құжатта.

Сондай-ақ, 18 маусым сағат 07:00-ден бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шараларға қатысты бірнеше уақытша шектеулер белгіленген. Оның ішінде жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыспен өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс жасау формасына ауыстыру да бар. Осы кезге дейінгі шектеулер талабы бұрынғыша сақтала береді. Бұған дейін Атырауда тағы екі адамның қайтыс болғанын хабарлап едік.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз