ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ – САЛАУАТТЫЛЫҚТА

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенттері арасында «Жастар саулығы – ұлт болашағы» атты акция өткізілді.

 

Акцияның мақсаты – жастарды жасөспірімдік шақта денсаулықты күту мәселелеріне назар аударту, әсіресе, түрлі жыныстық жолмен жұғатын аурулардан сақтандыру. Яғни, денсаулықты күту мен салауатты өмір салтын ұстануды  насихаттау.

Осы ретте облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығына  қарасты «Жарқын  болашақ» жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Алуа Сыралиева жасаған баяндамасында салауатты өмір салтын ұстану мен саналы ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне кеңінен тоқталып өтті.

Шара аясында  колледж студенттері денсаулыққа қауіп-қатер тудыратын факторлардың әсері туралы дайындаған сахналық көріністі көпшілік назарына ұсынды.

«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасына отбасын жоспарлау мәселесінің енгізілуі жайдан-жай емес. Отбасы мәселесі, оны жоспарлау дегеніміз – жасөспірімдердің өсімталдық, яғни, өсіп- өну үрдісін қадағалау арқылы денсаулығын сақтау және  жақсарту болып табылады. Осы мақсатта акцияға қатысушыларға викториналық сұрақтар қойылды. Ұтымды жауап берушілерге орталықтың арнайы дайындалған алғыс хаттары мен  бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Ғ.ИСАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз