Жапон суретшісінің көрмесі

20161127165531 Жаңалықтар

Жақында жапон суретшісі Томоко Хоукёнің Атыраудағы Renaissance қонақүйінде жеке көрмесі ашылды. Ол бұдан екі жыл бұрын Астанадағы Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті музейінде «Жапон сұлулық әлемі» атты алғашқы сурет көрмесін өткізген болатын.

20161127165531

Суретші соңғы үш жылдан бері Атырау қаласында тұрады. Өзінің туындыларын жапонның классикалық кескіндеме жанрында салады. Бұрын өз туындыларына Күншығыс елінің әсем табиғатын кескіндеу үшін тастар мен жаңғақтарды да пайдаланып келген.

20161127165453

«Соңғы жылдары әлемде түрлі жан шошытарлық жанжалдар көбейіп, оның зардабын табиғат, әсересе, балалар көріп жатыр. Алайда, бейкүнә бүлдіршіндердің жан дауысын естуге ешкім назар аударар емес. Өз шығармаларымда олардың періштедей тұнық бейнесін салу арқылы бейбітшілікті сақтауға үлес қосуды көздедім», – деді Томоко Хоукё.

20161127165447

«Қайғы жолы» деп аталған Атыраудағы бұл көрмеге суретшінің 14 картинасы қойылды. Олар жібектен жасалған арнайы қағазға салынған. Көпшілігінде балалар бейнеленген. Арасында алдағы уақытта Жапонияның «Шоудзюин» будда ғибадатханасының ішкі күмбезіне орналастырылатыны көзделген 4 картинасы да бар.

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз