fb img 1594568150327

Тəртіп сақшылары бағаны заңсыз көтерген дәріханаларды анықтады

Жаңалықтар Медицина

Атырау облысының аумағында дәрілік препараттардың бағасын негізсіз көтеретін заңды және жеке тұлғаларды анықтау мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Өткен демалыс күндері Атырау қаласында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан бес дәріхана анықталды.

Сонымен қатар, полицейлер дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды заңсыз сату фактілерін де анықтады.
Қаладағы
Баймұханов, Тайманов, Жарбосынов, Сатыбалдиев көшелеріндегі және Жұмыскер селосындағы дәріханаларда
бағасы 4240,87 теңгеден 5640,36 теңгеге дейін тұратын Ингавиринді
6000-7000 теңгеден, бағасы 583 теңге Новиган НЕО препаратын 710 теңгеден, бағасы 342,68 теңге новокаин 500теңгеден сатылған.

18 және 19 шілде күндері жедел іс-шаралар барысында
облыс орталығының бес дәріханасында фармацевтер дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқаны анықталды.

«Шілде айының 20 күні ішінде полиция департаментінің қызметкерлері осындай 20-дан астам деректерді анықтады, деп хабарлады облыстық ПД бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

  • Бұдан басқа, Атырау полицейлері дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды заңсыз сатудың жеті фактісін анықтады.

Барлық анықталған деректер бойынша жинақталған құжаттар Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған