Үш жақты меморандум тығыз байланысты көздейді

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысындағы Германия Федеративтік Республикасының құрметті Консулы Питер Кригер бастаған бір топ неміс компаниялары өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Атырау облысы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы екіжақты байланысты дамыту және экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы келіссөздер жүргізілді.

Шетелдік компания өкілдеріне аймақтың инвестициялық әлеуеті туралы және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша ырғақты дамып келе жатқан өңірлердің бірі болып табылатыны туралы ақпарат берілді. Сонымен, қатар жергілікті «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі неміс компанияларымен бірігіп, «Атырау технологиялық орталығын құру» инвестициялық жобасын іске асыруға әзір екендігін хабарлады.

Осы жұмысты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі, «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және мұнай-өндірістік құралдар шығарушы неміс компаниялар тобы еуропалық өндірушілерімен үш жақты меморандумға қол қойылды.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз