«СЕРГЕК»: Жол ережесін бұзуға тура келетін жағдайлар да болады…

4476782b01fd157b Жаңалықтар

«Жол қозғалысы ережелерін автоматты режимде бұзуды анықтайтын «Сергек» бағдарламалық кешенімен тіркелген құқықбұзушылықтың объективтілігіне қатысты  мәселелер туындап жатады» деп атап өтті Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Ең бір кең тараған бұзушылық жолды немесе тұтас  сызық жол таңбаларын кесіп өту болып табылады. Алайда, бұл бұзушылық кейде жүргізушіге байланысты емес жағдайлардан туындайды.
Мәселен, көлік жүргізуші техникалық ақаулығына байланысты жолдың ортасында тоқтаған басқа көлік құралын айналып өту керек немесе апат болған жерді айналып өту тиіс. Осындай кейбір жағдайларда жолды кесіп өту қажеттілігі туындайды.

Сонымен қатар, мұндай жайт қаланың жол-көлік желісінің тар жерлерінде әртүрлі жұмыстарды жүргізумен айналысатын коммуналдық қызметтердің көліктерін айналып өту кезінде (бағдаршамды жөндеу, көше жарығы, белгі қою, арықтардан қоқыс жинау, жаңбыр суын сору және т. б.) орын алады.

Мұндай жағдайларда кептелісті болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерінің нормаларын бұзуға тура келеді. Алайда, бұл әрекеттер мәжбүрліктен туындағанын ескеріп, олар бұзушылық болып саналмайтынын баса айту қажет.

– Алайда, «Сергек» бағдарламалық кешені жол ережесін бұзуға әсер еткен факторларға қарамастан, бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтінін ескерген жөн. Егер мұндай жағдайда әкімшілік айыппұл жазылса, жүргізуші барлық мән-жайды анықтау және нақтылау үшін «Нұрсая» ықшам ауданындағы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына жүгінуі керек, – дейді Қамза Бақтығалиұлы.

Өз кезегінде, жолда бұл үшін көзделмеген орында амалсыз аялдама жасаған жүргізушілер ЖҚЕ №7 бөлімі («авариялық сигнал беруді және авариялық тоқтау белгісін қолдану») есте сақтауы қажет. Осы тармақтың талаптарын сақтамау ӘҚБтК-нің 602-бабы («Көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзуы») бойынша жауапкершілікті көздеген бұзушылық болып табылады.

Atr.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз