Құрметті ұстаздар!

uchitelya Білім

nurlan_nogaev_ruБаршаңызды жаңа 2016-2017 оқу жылымен құттықтаймын!

Жаңа заман жағдайында еліміз бен бүкіл әлемде болып жатқан өзгерістер педагогикалық қауымдастық алдына жаңа міндет-талаптарын қойып отыр.
Ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу – сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар!
Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Ұстаздардың осы бағыттағы еңбектері қай уақытта да зор.
Биылғы білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінің Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізілуі – жақсы нышан. Тамыз кеңесі барысында жасалған ұсыныстар мен бастамалардың бәрі де еліміздің білім саласының одан әрі дамуына үлес қосатындығына сенімдімін.
Алға қойылып отырған міндеттерді орындау жолында ұстаздық еңбектеріңізге шығармашылық биік табыстар, мықты денсаулық тілеймін.

Құрметпен,Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз