atyrau

«Қызыл аймақ»: Атырауда бір тәулікте 137 адамнан коронавирус анықталды

Жаңалықтар COVID-19: Соңғы поштадан...
9 / 100

Облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте Атырау қаласынан 97, Теңіз кен орнындағы скрининг нәтижесінде 11 адамнан анықталды.

Сондай-ақ, Жылыой ауданының 8, Қызылқоға ауданының 4, Құрманғазы ауданының 9, Махамбет ауданының 5 және Исатай ауданының 3 тұрғынынан қауіпті індет анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 76 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 33 науқас сауығып шықты.

Қазіргі уақытта 547 адам үй жағдайында, 190 – модульдік ауруханада, 74 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда.

Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 202 адам емделуде.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша – “қызыл” аймақта.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған