Қазақ сахнасының аңыз тұлғасы – Бибігүл Төлегенова Алматыда дауыс берді

221120202149530e Жаңалықтар

КСРО және Қазақстан халық әртісі Бибігүл Төлегенова өзінің Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс берді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Бүгін Бибігүл Төлегенова сайлау учаскесіне бармады. Көшпелі сайлау комиссиясының мүшелері Қазақстанның халық әртісінің үйіне дауыс беру жәшігін алып келді.

Жезтаңдай әншінің пікірінше, сайлау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

«Менің ойымша, президенттікке өз үміткерлігін ұсыну – өте үлкен жауапкершілік. Біз егемен мемлекетпіз. Президент міндетіне әлемдік аренада біздің құқығымызды қорғау кіреді», – деді Бибігүл Төлегенова.

Сонымен қатар, Алматыда өз сайлау учаскелерінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейтметов, опера әншісі – Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Әлібек Дінішев және эстрада әншісі – ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова да дауыс берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз