ОРНЫ ЕРЕК ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

Қымбатты  атыраулықтар!

Сіздерді  Құрбан  айт

мерекесімен  шын  жүректен

құттықтаймын!

 

Бұл мейрам – әлемнің барша мұсылмандары үшін орны ерекше, ұлық мереке. Осы күнді қайырымды істер атқарып, таза ниетпен, ашық жүрекпен, ізгі істермен қарсы алады.

Бұл ұлық мейрам адамзат баласын татулыққа, тыныштық пен тұрақтылыққа үндейді. Осынау биік құндылықтар тек мұсылман қауымына ғана емес, еліміздің халқын да ұйыстыра түседі. Сондықтан, Құрбан айт  та барлық отандастарымыздың бірлігін арттыратын мереке болып саналады.

Ұлық мереке Қазақстанда тұратын әр түрлі дін өкілдері арасында қарым-қатынастың негізі болып саналады. Халқымыздың рухани дүниетанымымен үйлесім тауып, ғасырлар бойы бізге тура жол көрсетіп келе жатқан асыл дініміздің діңгегі берік, өзара сыйластық пен келісімнің ұйытқысы.

Барша атыраулықты осы дәстүрді барынша нығайтып, жасампаз құндылықтарымызды әрдайым қастерлеуге шақырамын.

Қасиетті Құрбан айт қабыл болып, отбасыларыңызға береке-бірлік әкелсін! 

Атырау қаласының әкімі

Нұрлыбек Ожаев.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз