Нұрлан Ноғаев атыраулықтарды Астана күнімен құттықтады

19665184 1448228011897450 8256378482385551877 n Жаңалықтар

Кеше  Атырауда Астана күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шара өтті.

Салтанатты кешті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ашып, барша атыраулықтарды аталмыш мейраммен құттықтады. Аймақ басшысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бас қаланың Астанаға көшірілгенінен оның аяғына тік тұрып, дамуына дейінгі еңбегін тілге тиек етті. Ол, сонымен қатар, Елорданың Қазақстанның әр саладағы жетістіктерінің символына айналып отырғанын айтты.

19665184_1448228011897450_8256378482385551877_n Салтанатты шарада аймақ экономикасын дамытудағы және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы елеулі еңбегі үшін бірқатар кәсіпорын басшылары, дәрігерлер мен мемлекеттік қызметшілер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Жиын жергілікті және республикаға танымал өнер шеберлерінің концертімен жалғасты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз