Мақсаты айқын

tpapapra Жаңалықтар

«АDAL» саяси партиясының төрағасы Серік Сұлтанғалидың айтуынша, партия мүшелерінің басты мақсаты – әрбір қазақстандықтың әлауқатын арттыру.

– Мен сайлаушыларымызды азаматтық позицияларын белсенді түрде танытып, тағдырларын таңдауға қатысуға шақырамын. Осы сайлауда әділеттілік жеңіске жетеді деп сенемін, – деді партия төрағасы.

Қазір осы мақсатта барлық облыстарда үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісінің және жергілікті Мәслихаттардың депутаттарын сайлау алдында «Adal» партиясының кандидаттары облыс халқымен кездесіп, бағдарламаны жан-жақты түсіндіруде.

Бұл бағытта «Adal» партиясындағы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиевтің халықпен ашық диалог орнатуын ерекшелеп айтуға болады. Өткен аптада партия өкілдері Қарағанды, Та л д ы қ о р ғ а н қалаларында халықпен кездесу өткізді. Шара барысында агроөнеркәсіп секторының жұмысшыларымен, студенттер, бизнесмендер және жастармен түйткілді мәселелердің түйінін тарқатты.

Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат әрбір пайдаланушының сайтқа кіріп, партия жұмысының негізгі бағыттарымен танысуына, өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемалар туралы білуіне мүмкіндігі бар.

Дайындаған: Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз