fb img 1615444314306

«Маленькая страна» атыраулықтарға таза ауада демалыстың ерекше турын ұсынбақ

Жаңалықтар
9 / 100

«Әлеуметтік ауыл атыраулықтарға демалыс күндерді таза ауада пайдалы өткізу бойынша арнайы тур ұйымдастыруды жоспарлауда» деп хабарлайды Atr.kz

Бұл туралы «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлан Күмісқалиев «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды.

«Есептеуімізше, осы жылы біздің әлеуметтік ауыл өз-өзін толықтай қаржылай қамтамасыз ете бастайды. Көп ұзамай біз демалыс күндер туры қызметін ұсынатын боламыз. Келушілерді таңғажайып экскурсия, жасақталған ерекше музей, атпен сейілдеу, канистерапия, марғау терапиясы күтеді. Және ауылымызда іске асырылып жатқан оңалту терапиясымен танысу мүмкіндігі де бар. Самаурында қайнаған шәй, ұлттық тағамдар және керемет әндер демалыстың сәнін келтіре түседі» деп жазды Ерлан Күмісқалиев.

Белгілі болғанындай, алдағы күндері шағын ауыл атқа міну өнерін ақылы түрде үйрету қызметін іске қосуды да жоспарлап отыр.

Еске сала кетелік, «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігі церебралды параллич (ДЦП) дертіне шалдыққан қазақстандық балаларды ұзақ жылдардан бері тегін емдеумен, оңалтумен айналысып келеді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған