Әлеумет сауалына – салиқалы жауап

парламент депутаттары – ел ішінде Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бейбіт Мамраев, Кәрібай Мұсырман және Зәуреш Аманжолова Атыраудағы жұмыс сапарын  Махамбет ауданында жалғастырды.

%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%82-%d0%b4%d0%b5%d0%bf%d1%83%d1%82%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%b5%d0%bb-%d1%96%d1%88%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5

Аптаның алғашқы күнінде олар алдымен Алмалы ауылдық округінде болып, селолық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті.

Жүздесуде негізінен жұрт-шылық өкілдерінің айтқан ұсыныс-пікірлері мен қойған сауалдарына көбірек көңіл бөлінді. Осылайша, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Самиғолла Зинуллин кәсіпкер-лік нысандарын ашу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін несие мәселесіне тоқталды. Нақтырақ айтқанда, мұнда кепілге салынатын мүлік төңірегінде көптеген қиындықтар туындап отырғандығын қозғады. Сонымен қатар ол білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлерінің, тұтастай ал-ғанда бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысымен қоса қоғамдағы орны мен мәртебесін көтеру керектігін алға тартты. Сол сияқты, зейнеткер Балсекер Қабдыжанова міндетті медициналық сақтандыру төңірегінде түсінік жұмыстарын жандандыра түсу, кейбір қатаң ауру түрлеріне байланысты белгіленген квота беру мәселесін де бір жүйеге келтіріп, жолға қою қажеттігін меңзеді.

Бұдан кейін мәжілісмендер аудан, ауыл әкімдерімен бірге осындағы селолық дәрігерлік амбулаторияның тыныс-тіршілігімен танысты. Медицина мекемесінің материалдық-техникалық жарақтандырылуына, емделушілерге көрсетілетін қызмет сапасына, орын алған проблемаларына назар аударды.

Келесі кезекте Мәжіліс депутаттары Бейбарыс ауылдық округіне маңдай тіреді. Мәдениет үйінде өткен кездесуде ауыл тұрғындары өз пікірлерін ортаға салды.

Аманжол ЕСҚАРИЕВ, Махамбет ауданының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері:

-Теледидар бағдарламаларын, әсіресе  «Қазақстан»  ұлттық арнасынан берілетін түрлі хабарларды бәріміз де тамашалаймыз. Әңгіме, осы жоғарыда айтылып отырған бағдарламалар мен кинолардың кештеу, беймезгіл берілетіндігінде болып тұр. Және бір қосарым, бүгінде қазақстандық  телеарналарды жаулап алған шетелдік (көбінесе корей, үнді, түрік) сериалдарды азайтуға болмас па еді?

Жұмагелді ҒИНАЯТҰЛЫ, Чкалов орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі:

– Мектептерде оқытылатын тарих пәнінің оқулықтары әртүрлі баспалардан шыққандықтан ба, оның беттерінде баяндалатын оқиғалардың даталары әрқайсысында әрқалай, бұрмаланып көрсетілген. Осыны ескеріп, болашақта мектеп бағдарламасында пайдаланылатын оқу кітаптары мен құралдарын мүмкінді-гінше бір ізге келтіріп, бір баспадан шығаруға болмас па екен?

Бұл сауалдарға жауап қай-  тарған Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман әуелі  қозғалған мәселелердің  маңыздылығын атап өтті. Соның ішінде, ұлттық арналар арқылы таратылатын хабарларға қатысты алдағы уақытта арнайы заң жобасын  дайындау жайы қарастырылып жатқандығын, оқулықтарға қатысты да салалық министрлікпен келісіле отырып, нақты ұсыныс қабылданып, шешім алынатындығын қаперледі.

Бұдан кейін талқыға салынған медицина мекемелерінде жұмыс жасайтын техникалық қызметкерлердің жыл сайынғы дәрігерлік байқаудан ақылы негізде өткізілетіндігіне байланысты, өзге де сұрақтарға Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова толыққанды жауап қайтарып, өз пайымдауларымен бөлісті.

Келесі кезекте аудандық орталық ауруханаға ат басын бұрған халық қалаулылары мұнда да атқарған жұмыстарын баяндаудан гөрі ұжым мүшелерінің айтқан әңгімелерін тыңдауға тырысты.

Мәселен, осыған дейін қолданыста болып келген дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне берілетін (материалдық көмек ретінде) жеңілдіктер алынып тасталған. Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының мерзімі біраз қысқартылған. Ауыр науқастарды емдеу мен қажеттілігіне қарай ота  жасау бойынша енгізілген портал жүйесі де емделушінің де, емдеушінің де жүйкесін  жұқартатыны  жасырын емес.

Дәулетқали АРУЕВ

Махамбет ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз