КАРАНТИН: Атырауда қандай мекемелер жұмысын жалғастырады?

8c9929b35ba8528697735ff0c67db246 l COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/16 сәуір, 2020 жыл. Кәсіпорындар мен ұйымдар үшін тоқтатылуға жатпайтын рұқсат етілген қызмет түрлерін жариялап отырмыз.

Атырау облысы бойынша орталық мемлекеттік органдардың
аумақтық бөлімшелері, Атырау облысының жергілікті атқару органдары және оның уәкілетті органдары, сот органдары.


Денсаулық сақтау жүйесі, қоса алғанда:
Медициналық мекемелер (ауруханалар, емханалар),
дәріханаларға тиесілі процедуралық кабинеттерді қоспағанда;
Зертханалық қызметтер;
Фармацевтикалық компаниялар, дәріханалар;


Кәсіпкерлік басқармасымен және Атырау қаласының индустриалды-
инновациялық дамуы мен келісілген қорғаныш бетперделерін, дезинфекциялық құралдар, антисептик шығаратын кәсіпорындар.


Сауда желілері, азық-түлік базарлары, гипермаркеттер,
супермаркеттер және ірі азық-түлік дүкендері, сауда орталығындағы азық-түлік дүкендері, бірінші қажеттіліктегі тауарлар мен азық-түлік сатушыларға сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде және тұрғын үй массивтерінде орналасқан дүкендерге сағат 06.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етіледі.


Ветеринарлық қызметтер.
Қалалық инфраструктура және коммуналдық қызметтер, қоса
алғанда:
Электроэнергетикалық компаниялар (өндірушілер, тасымалдаушылар, бөліп жеткізушілер);
5.2. Газ, су, жылумен жабдықтау, су тарату (өндірушілер, тасымалдаушылар, бөліп жеткізушілер);
5.3. Өртке қарсы апаттық-құтқару қызметі;
5.4. Қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ететін компаниялар және тұрғын үй қорының басқармасы (басқарушы компаниялар, ПИК, жеделсатыларға қызмет көрсететін компаниялар);
5.5. Дензинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсететін кәсіпорындар;
5.6. Жол қозғалысындағы техникалық құралдардың реттелуін қамтамасыз ететін ұйымдар;
5.7. Телекоммуникация және байланыс аясындағы компаниялар;
5.8. Пошталық және курьерлік қызмет аясындағы компаниялар;
5.9. Атырау қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, «НИТ» АҚ-ның филиалы;

  1. ҚР Ұлттық Банкінің филиалы, екінші деңгейлік банктердің филиалдары, қызметі тек қана банкнот, монета және құндылықтар инкассациясына байланысты заңды тұлғаларға, банкоматтардың, терминалдардың, интернет және мобильдік банкингтің, банктік операциялардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, төлем ұйымдарының үзіліссіз жұмыс істеуіне;
  2. Нотариустер, адвокаттық кеңселер (жедел штаб бекіткен келісім графигіне сәйкес).
  3. Қауіпсіздікті қамту аясында қызмет көрсететін кәсіпорындар (күзет агенттіктері).
  4. Бұқаралық ақпарат құралдары.
  5. Автокөлікке жанармай құю және автокөлікке газ құю стансалары.
  6. Кәсіпкерлік субъектілерінің келесі түрлері:
    11.1. Мұнай-газ өндіру, мұнай-химия, химия саласы, мұнай өнімдерін өндіру және өндірістік процесті қамтамасыз ететін мұнай сервистік компаниялар;
    11.2. Индустриалдық және арнайы экономикалық аймақ субъектілері;
    11.3. Наубайхана, кондитерлік кәсіпорындар;
    11.4. Тағам өнеркәсібі және осы тауарларды буып-түю өндірісі;
    11.5. Дәрілік препараттардың өндірісі, буып-түю материалдарының өндірісін қоса алғанда;
    11.6. Медициналық жабдықтар және медициналық саймандар, санитарлық гигиеналық өнімдері;
    11.7. Азық-түлік өнімдерін сертификаттау;
    11.8. Өндіріс, азық-түлік, дәрілік препараттар және медициналық бұйымдар үшін шикізаттарды қоймаға жинау және дистрибуциялау;
    11.9. Транспорттық ұйымдар және жүк тасымалдаушылар;
    11.10. Мал және құстар үшін медикаменттер мен жем-шөп;
    11.11. Буып-түю материалдарының өндірісі (оның ішінде қағаз күйінде)
    11.12. Әуежайлар мен авиакомпаниялардың қызметі;
  7. Агроөнеркәсіптік кешен аясында қызмет ұсынатын кәсіпорындар, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, жылыжай кешендері (санитарлық нормаларды сақтағанда).
  8. Басқа да маңызды қызметтер, оның ішінде:
    13.1. Азық-түлік тағамдарын, дәрі және медициналық бұйымдарды, бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізу қызметтері;
    13.2. Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі (мейрамхана, кафе, бар, асхана және басқалары) тағамды үйге дейін жеткізу режиміне көшеді. Онлайн тапсырысты қабылдау уақыты сағат 06.00-ден 20.00-ге дейін. Тапсырысты жеткізу және дайын тағамды дайындау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы тиіс;
    13.3. Сауда-логистикалық орталықтар, транспорттық-логистикалық фирмалар, қоймалар, азық-түлік өнімдерін, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды бөлу.

Еске сала кетелік, тізім Атырау облысындағы төтенше жағдай режимі кезінде қабылданған шараларды орындау бойынша жұмыс тобы отырысының 2020 жылғы 14 сәуірдегі №4 хаттамасымен бекітілген.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyraudagy-zhajyq-ozeninin-%d1%8dkologi%d1%8flyq-maselesin-qazaqstan-men-resej-birlesip-sheshpek/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз