Атырау облысы сандәрігерінің Қаулысына өзгерту енгізілді

26edae609f32c2d78689df6553ddc801 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/20 қазан, 2020 жыл. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы  15 қазандағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» № 68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулысы шықты.

         «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі 104-бабын басшылыққа ала отырып, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2016 жылғы 6 сәуірдегі 65-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

           Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің                    2020 жылғы 15 қазандағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» № 68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. 2 тармақта:

          1) 2 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

          2) ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік

клуб, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, жабық ғимараттардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары), фудкорт, банкет залдары, букмекерлік  кеңселердің қызметіне тыйым салынсын;

          2) 11 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

          11)  сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне  сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін (ондағы азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және қоғамдық тамақтану нысандарын қоспағанда),    жұмыс күндері  сағат  22:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып,  бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы толымдылығы сыйымдылығының  30 пайызынан аспайтын жағдайда  рұқсат берілсін;

          3) 17 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

          17) жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметіне жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты   және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін;

         4) 28  тармақша мынадай мазмұнда толықтырылсын:

         28)   ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, медициналық бетперде кию арқылы  жалпы сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын кинотеатрлардың қызметіне рұқсат етілсін;

      2. 3  тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      3. Жексенбі және мереке күндері:

       1) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды, қоғамдық тамақтану нысандарын қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

       2) азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға;

       4. Осы қаулының орындалуын  өзіме қалдырамын.

       5.Осы қаулы ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күннен бастап заңды күшіне және қолданысқа енгізіледі.

А.Шаров,

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз