astana.png

Ең жоғарғы марапатқа лайық

Жаңалықтар Саясат Қоғам


Тұңғыш Президент өзінен кейінгі буынға үлкен сенім білдірді. Осыны алға тартқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан БИСЕМБИЕВ сол үміттен шығу керектігін айтады.

– Әрине, Ұлт Көшбасшысы мемлекеттік қызметтен кеткен жоқ, – дейді ол. – Партиялық қызметте, жалпы құрылымдарда жетекшілік етеді. Сол себепті, мемлекеттің алдындағы биік белестер мен мақсаттарды бірлесіп орындаймыз деген ойдамын.

Шынымды айтсам, ел өміріндегі елеулі оқиғаға Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мен де біраз есеңгіреп қалдым. Оның бірнеше себебі де бар. Біріншіден, біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Яғни, мен өмірге келген кезде Нұрсұлтан Назарбаев Президент болатын. Екіншіден, дәл осы сағаттарда облыстық әкімдікке келген көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек жайында түсіндіру шараларын жүргізіп жатқан едім.

Соңғы жаңалықтардан хабардар болу үшін теледидарды да қосып қойғанбыз. Мұндай маңызды мәлімдеме жасалған сәтте қабылдауға келген аналар көз жастарына ерік бере бастады. Бұл сәтті сөзбен жеткізу оңай емес. Күтпеген жағдай болғаннан кейін аналар да шынайы сезімдерін білдірді. Себебі, қазақстандықтар «біздің елде Президент бар» деген алаңсыз күйде еді. Бірақ, тұңғыш Президент бастамалары ешқашан аяқсыз қалмайды.

rschr

Содан соң, қабылдауға келген аналар «атаулы әлеуметтік көмек беріле ме?» деп сұрақты жаудырды. Біз бұл бастама жүзеге асатынын, соңғы жылдары елімізде әлеуметтік салаға ерекше маңыз беріліп жатқанын жеткіздік. Бұл сала ешқашан назардан тыс қалмайды. Жаңа басқару тобы осынау игілікті істі жалғастыра беретініне сенімдімін.   

Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Жаңа Елордамыздың бой көтеруінде Тұңғыш Президентіміздің рөлі айрықша зор. Астананың құрылысы Елбасының тарихи ерлігі саналады. Бас қаламыз Тәуелсіз еліміздің шынайы бет-бейнесіне, халқымыздың мақтанышына айналды. Елорда жаңа мемлекеттің идеологиясы ретінде киелі ұғымға ие болды. Ел астанасы шын мәнінде өткеннің құндылықтарын дәріптей отырып, күллі әлемге Қазақстанның жаңа бейнесін паш етті. Астана саммиттер және басқа да маңызды халықаралық кездесулер өтетін ірі орталыққа айналды», – деген  орынды ұсыныс жеткізді.

Меніңше, бұл шешім дәл уақытында айтылды. Астананың тұңғыш Президент есімімен аталуы да жас ұрпақ санасында ұлы тұлғаның сақталып қалуына оң әсер ететіні сөзсіз.  Сондай-ақ, облыстық қалалардың басты көшелерін Нұрсұлтан Назарбаев деп атауға қатысты ұсынысты қолдаймын. Мәселен, облыс орталығының Азаттық даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев есімін берудің еш әбестігі жоқ деп есептеймін.

Айталық, қазақтың аузы дуалы билері мен шешендері дау-дамайларға әділ бағасын берсе, батырларымыз туған жерді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаса, Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне маңдай терін төкті. Сол себепті, Тұңғыш Көшбасшы мемлекеттің ең жоғарғы атақтарына лайықты.



Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған