Дания Еспаеваның сайлауалды штабы Атырауда зауыт ұжымымен кездесті

20190516182953 Жаңалықтар

Atr.kz/17 мамыр, 2019 жыл. Бүгін «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалы – ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның аймақтық штабы «Рауан Налко» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

«РауанНалко» ЖШС – мұнай-газ өндірісіне арналған химиялық реагенттерді өндіруші, әлемнің 160 елін қамтитын халықаралық «Налко Чемпион» (NalcoChampion) компаниясымен бірлескен отандық кәсіпорын. Кездесуді «Рауан Налко» ЖШС директоры Б.Әжіғалиев ашты. Бұдан кейін облыстық филиал жетекшісі Е. Юсупов партияның бағыт-бағдары мен сайлауалды мақсаттарымен бөлісті.

Кездесуде, сондай-ақ, облыстық филиалдың саяси жетекшісі Ә.Төлеуішов, облыстық саяси кеңестің мүшесі С.Ерубаев сөз сөйлеп, барша жиналғандарды үміткерді қолдауға шақырды. Кәсіпорын жұмысшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Айта кетейік, «Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз