Биыл Атырауда экология департаментімен 106 бақылау жүргізілді

9643 Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау облысы бойынша Экология департаментінің  басшысы Әлібек Бекмұхаметов мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау саласымен осы жылдың 11 айында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау бойынша 106 бақылау жүргізілген. Оның ішінде 28 профилактикалық бақылау, 57 жоспардан тыс тексеру және 21 бақылаудың өзге нысаны. Есепті кезеңде экологиялық заңнама талаптарының 213 бұзушылығы анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 51 нұсқама беріліп, орындалуда.

-Анықталған заңбұзушылықтарға қатысты 265 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 5 ескерту беріліп, тоқтату туралы 16 қаулы шығарылды. Оған қоса 36 әкімшілік іс сот органдарына қарауға жолданды, ал қалған 208 іс бойынша 287 млн 57 мың 606 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынуға қаулы қабылданды. Қазіргі таңда 107 млн 957 мың 847 теңге сомасы көлемінде 7 әкімшілік айыппұл сот орындаушылардың өндірісіне тапсырылды,- деді Ә.Бекмұхаметов.

Сондай-ақ оның айтуынша, «SMART-OIL» ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс жасаған уақытта, компания тарапынан Қызылқоға ауданы «Қарабау Петролеум» ЖШС-нің «Қарабау» кең орны аумағының топырақ қабатын бұрғылау шламымен бүлдіргені анықталған. Аталған мекемеге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сай хаттама толтырылған. Ал бұрғылау шламымен бүлінген жер толығымен тазаланған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз