56476833 786664265049392 4154218430276304896 n

Бір күнде Жайық жағасынан 100 тоннаға жуық қоқыс жиналды (+ФОТО)

Жаңалықтар Шаһар шырайы

Atr.kz/1 сәуір, 2019 жыл. Атыраудағы сенбілік кезінде Жайық жағасынан 100 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

Жалпы қалалық сенбілікке бір жарым мыңға жуық қала тұрыны қатысты, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Атырауда екі айлық қаланы санитарлық тазалау жұмыстары жалғасуда. Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлының тапсырмасымен 30 наурыз күні жалпы қалалық сенбілік Жайық өзенінің жағасында өтті.

55760071 786664371716048 7073376326907854848 n

Қаланың Азия мен Еуропа бөлігі мен қала маңындағы ауылдық округтер 10 участкіге бөлінді. Олардың әрқайсысынд белігілі бір ұйым ұжымы бекітілді. Жалпы қалалық сенбілікке барлығы бір жарым мыңға жуық қала тұрғыны мен «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің 310 жұмысшысы қатысты.

56255636 786664395049379 3031691868057370624 n

– Барлық жиналған қоқыс «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің жұмысшыларымен жедел түрде қоқыс полигонына жеткізілді. Бұл жұмыстарға 6 аударғыш жүк көлігі, 10 трактор жұмылдырылды және қалалық ұйымдар көмекке қосымша 3 аударғыш жүк көлігі мен бір жүк көтергіш-манипулятор бөлді. Бұл күні барлығы 99 679 келі қоқыс жиналды, бұл 717,1 куб метрді құрайды,- дейді «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің директоры Алмас Ізтілеуов.

55803430 786664311716054 5917464202213064704 n

Айта кетейік, қаланы екі айлық санитарлық тазалау 16 мамырға дейін жалғасады. Сәуір айынан бастап жалпы қалалық сенбілік кезінде ағаштар отырғызу жұмыстары басталады.

55935286 786664338382718 8800057727993774080 n

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған