Бір алтын, үш күміс: Атыраулық самбошылар ерледі

whatsapp image 2021 10 05 at 08.50.45 Жаңалықтар

2-3 қазан күндері Ресей Федерациясының Казань қаласында (Татарстан Республикасы) самбо күресінен “А” санатты халықаралық турнир өтті. Онда атыраулық самбошылар жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы Атырау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

“Татарстан Президенті Кубогі” турниріне биыл 16 елден 200-ден астам спортшы қатысқандығы және атыраулық самбошылар 1 алтын және 3 күміс жүлдеге қол жеткізді.
Спорттық самбодан 58 келіде Айдынбай Қайырберді кубок иегері атанса, 64 келіде Жұмабай Парасат күміс жүлдегер атанды.

Жауынгерлік самбодан 58 келіде Қуанғалиев Еркебұлан және 64 келіде Абдилов Айбек ақтық сынға дейін жетіп, екінші орындарды еншіледі.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз