Атырауда жұмыспен қамту бөліміне жаңа басшы тағайындалды

zh9myspen 0amtu Жаңалықтар

Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметіне Жолдиев Рафхат Лесұлы тағайындалды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Жаңа басшыны ұжымға қала әкімі Шәкір Кейкин таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Жолдиев Рафхат 1984 жылы Атырау облысында туған. 2006 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін аяқтап, менеджер мамандығын алған. Еңбек жолын 2004 жылы коммерциялық ұйымдарда бастаған. 2007 жылдан бері мемлекеттік қызметте.

Тағайындалғанға дейін Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тұрғын үй секторының меңгерушісі лауазымында болды.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз