Атырауда жолдағы сапасыз жұмыстарды жөндеуге 11 млн 236 мың теңге жұмсалған

img 20210120 wa0099 Жаңалықтар

 «Өткен жылы  облыс көлемінде орналасқан республикалық маңыздағы автожолдарға 626 рет тексеріс жүргізіліп, жол құрылысы материалдарынан 526 мәрте сынама алынған» деп хабарлайды  Atr.kz

«Нәтижесінде, 9 сынаманың стандарттарға сәйкес еместігі және 115 кемшілік анықталды. Кемшіліктер бойынша, жамылғылар ауыстырылып, жалпы құны 11 млн 236 мың теңге тұратын жұмыс көлемі орындалды.

Қазіргі таңда филиал қысқы мерзімде республикалық жолдарды күтіп ұстау кезінде пайдаланылатын тайғаққа қарсы материалдар және «Атырау – Астрахань» автомобиль жолының қайта жаңарту барысында пайдаланылып отырған материалдар сапасын тексеру жұмыстарын жүргізуде» делінген «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облыстық филиалы таратқан мәліметте.

img 20210120 wa0098 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз