Атырауда жаңадан тұрғызылған жер үйлер жеңілдікпен сатылып жатыр

img 20210428 wa0049 Жаңалықтар

«Қазіргі таңда Атырау ауылдық округіне қарасты Зарослый алабында 10 үй салынып дайын тұр» деп хабарлайды Atr.kz

«Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» мен «ЕвроАзия Құрылыс» ЖШС-нің бірлескен жобасы шеңберінде салынған үйлер шаршы метрі 180 мың теңгеден сатылуда.

Яғни, бір үйдің құны 20 160 000 теңге – 20 718 000 теңге аралығында бағаланып отыр.

«Қазіргі таңда аталған үйлерге автокөлік, ауыл ішілік жолдары салынуда.

img 20210428 wa0035

Үйлердің жалпы көлемі 112 – 115,1 шаршы метр аралығында. Әр жеке үй орналасқан жер телімі көлемі 8 га.

Тұрғын үйлерді «Отбасы Банк», «Центр кредит Банкі» АҚ, «Halyk Bank» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «RBK BANK» АҚ, «Eurasian Bank» АҚ, «СБЕРБАНК» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Jusan Bank» арқылы сатып алуға болады. Бастапқы жарна 20%.

Тұрғын үйді рәсімдеу үшін сатып алушының атағында үй бар-жоқтығы маңызды емес. Бастысы, клиент өзіне ең тиімді бағдарламаны таңдау арқылы, баспаналы бола алады» деп нақтылады «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз-қызметі бізге берген ақпаратында.

Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз