Атырауда қарасора өртелді

img 20210728 wa0035 1 640x425 1 Жаңалықтар

Сафон ауылында қарасора шөбі өркен жайды. Есірткі тектес өсімдікті ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті анықтапты.

Көлемі 3 гектарға дейін созылған қарасора алқабын шабуға жергілікті әкімдік пен ҚР ҰҚК  Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментінің аудандық шекара бөлімінің өкілдері  қатысты. Жалпы шөпті ору,өртеу жұмыстарына Сафон ауылдық округінің 3 ақылы қоғам қызметкері жұмылдырылды, 50 мың түп наша өсімдігі өртелді.

ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі Өмірбат АЙТӘЛІНІҢ айтуынша, бүгінде қарасорадан анаша дайындап, у сатып ұртын майлағандар көбейіпті. Оның мәліметінше, сананы улап, ми жұмысын тоқтатар, қызығы 2-3 сағатқа созылатын бұл шөпке деген тәуелділік жастар арасында белең алып тұрған көрінеді. – Бұл бей-жай қарайтын жағдай  емес. Еліміздің ертеңі болатын ізбасарларымыздың есірткі өнімдеріне қызығушылық  танытуы түйткілді мәселе деп білемін. Өйткені, қарапайым шөптен басталған құмарлықтың арты одан күшті есірткі өнімдерін тұтынуға, түрлі қылмыстың орын алуына әкеліп соғады.   Осыған орай, өңірімізде жайқалып тұрған қарасора өсімдігін өртеп, тамырымен жоқ етіп, контрабандалық қылмыстардың алдын алу үшін қолдан келгенше кеңінен жұмыстар атқарып жатырмыз,-дейді Өмірбат АЙТӘЛІ.

Айта кетейік, мұндай типтегі шөптерге уытқұмарлық 20-35 жас аралығындағы жастар арасында кеңінен кездеседі. Қазіргі таңда аудан бойынша есірткі өнімдерін алып-сатуда 6 қылмыс тіркеліпті.

Өмірбат АЙТӘЛІ,

аға лейтенант,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің

Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз