Атырауда белгілі журналист Қилыбай Қуанышбайұлы өмірден өтті

b0fde51d 09bf 4478 b263 678b6f28c81b Жаңалықтар

Атыраулық ардагер журналист Қилыбай Қуанышбайұлы дүние салды, деп хабарлады AtyrauPress тілшісі.

Атырау журналистикасының ардагері, қарымды қаламгер, Қазақстанның Құрметті журналисі, облыстық «Атырау» газетінің бұрынғы бас редакторы Қилыбай Қуанышбайұлы өмірден өтті.

– 1996  жылы компьютер цехы жасақталып, қызметкерлер біртіндеп жаңа техниканы үйрену процесіне көше бастады. Ал, сол жылдың аяғында «Atyray » газетінің əдеби-тарихи қосымшасы «Атамекеннің» №10 саны редакцияның өз цехында алғаш рет теріліп, беттеліп, пленкаға көшірілді. Осындай жаңа істердің бастауында облыстық басылымның сол кездегі бас редакторы Қилыбай Қуанышбайұлы тұрды. Ол біздің редакция республикадағы қазақ басылымдары ішінде бірінші болып 1996 жылы өзінің компьютер цехында газет шығарғанын мақтанышпен айтатын. «Атамекеннің» түрлі түсті бояумен басылуы редакцияның мүмкіндігін арттырды. Ал, «Atyray» газетін жүйелі түрде компьютермен шығару 1997 жылдың қараша айында басталды, – дейді «Atyray » газетінің аға тілшісі Майра Оразғалиева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз