unnamed 2

Атырауда 1500 бас ірі қараны бордақылау алаңы іске қосылады

Жаңалықтар

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов бүгін тұрғындар алдында есеп беру жиналысында айтты. 

«Жұмағалиева» жеке кәсіпкерлігі қолға алған бордақылау алаңы Атырау қаласының шет аумағында орналасады. Өткен жылы бастауын алған жоба биыл тамыз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда ат алмыш нысанға инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
-«Сыбаға» бағдарламасы аясында ірі қара және қой малдарын сатып алу, асыл тұқымды мал басын көбейту жұмыстары жалғасады. Өткір мәселенің бірі – мал азығымен қамту бағытында суармалы алқапта қосымша 3 мың гектарға дейін мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда, – деді облыс әкімі М. Досмұхамбетов. 

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырау облысының әкімі Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында тұрғындар алдында есеп беруде.

Есеп барысында облыс басшысы «Атырау облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттері» туралы баяндама жасап жатыр.


Айбөпе САБЫРОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған