Атырау театрында ерекше премьера өтті

hanzada 3 Жаңалықтар

Өмірдің мәні мен шынайы құндылықтар, күнделікті өмірдің қарбаласы, әлемді балалық көзқараспен көруге, көрінбейтінді бағалауға, ұсақ- түйектен терең мағына іздеуге шақыратын “Кішкентай ханзада” спектакльі сахналанды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Кішкентай ханзада бұл аллегориялық оқиға, ересектерге арналған ертегі, мұнда әр кейіпкер мен оқиға терең мағынаға ие. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас, жанқиярлық және өмірдің мәнін іздеу тақырыптарын ашады. Кішкентай ханзада балалық шақтың кінәсіздігін елестете отырып, бізді қуаныш сәттерін бағалауға және көрінбейтін нәрселерді көруге үйретеді, ал планеталар арқылы саяхат адам табиғатының әртүрлі аспектілері үшін аллегорияға айналады. Аспан әлеміне саяхаттайтын Кішкентай ханзаданың бастан кешкен оқиғалары, түрлі кейіпкерлер, шытырман оқиғалар көрермендерді тәнті етті.

hanzada

Кішкентай ханзаданың әртүрлі планеталарға саяхаты және ерекше кейіпкерлермен кездесуі арқылы актерлер махаббат, достық, жоғалту және өмірдің мәнін табу туралы философиялық идеяларды жеткізеді. «Кішкентай ханзада» бізді ойлануға және үйлесімділік пен шынайы бақытқа ие болу үшін басымдықтарымызды қайта қарастыруға шақырады,-дейді режиссер Жанат Тельтаев.

hanzada 4

Көрерменнің пікірінше, спектакль жоғары деңгейде өтіп, қалың көпшіліктің көңілінен орын алған.  Ғажайыпқа сеніп, өздері де кейіпкерлердің рөліне еніп кеткендей күй кешкен. Тіпті, театрға алғаш келген көрермен, қайта келуге ниетті екенін де жеткізген. Бұл, әрине театрдың деңгейін көтеретіні сөзсіз.

Театр басшылығы көрермендердің қызығушылығын ескере отырып, қойылымды тағы да сахналамақ ниетте. Еске сала кетсек, бұл қойылым -2024 жылдың алғашқы премьерасы.

Рита Өтеуғали

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз