Атырау облысының әкімі Исатай ауданына жайылымдық жерлерді ұлғайтуды тапсырды

0 25 Жаңалықтар

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданының әкіміне ауданның онлайн есебінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында бірқатар тапсырма берді», – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімі ауданда шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау жұмыстарын жандандыру, инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты.

«Отандық мал шаруашылығының табиғи өнімдерін өндіруге Исатай ауданының мүмкіндігі жетеді. Аудан тұрғындары, негізінен,                 мал шаруашылығына басымдық беруде. Сондықтан, жайылымдық жерлерді ұлғайту, каналдарға су көзінің жеткізілуін қамтамасыз ету, жемшөп мәселесі және мал ауруының алдын алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру керек.


Осы мақсатта аудан әкімі мен облыстық мемлекеттік органдарға бірлесіп, Исатай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заманауи жаңа жобаларды іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырамын.

Тағы бір маңызды мәселе – табиғатты қорғау, жасыл желек, ағаш отырғызу мәселесі. Бұл – Президентіміздің бастамасы және аймақтың экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыру»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, өңір басшысы аудан әкіміне білім беру басқармасымен бірлесе, мектептердің, балабақшалардың сыйымдылығын, бүгінгі жағдайын зерделей отырып, аса қажетті білім беру нысандарының құрылысы бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.

Сонымен қатар, аурухана, емхана, амбулаториялардың бүгінгі жағдайы мен материалдық-техникалық базаны жетілдіру, білікті мамандарды тарту, жаңа технологияларды енгізу де облыс әкімінің тапсырмасында баса айтылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз