200326203545546e 720x533 1

Атырау аймағының жол саласын дамытуға саналы ғұмырын арнаған білікті маман коронавирустан көз жұмды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/16 маусым, 2020 жыл. Қазақстанның жол саласы ауыр қазаға душар болды.Саналы ғұмырын Атырау облысындағы жол саласының дамуына арнаған білікті маман Ербол Хайроллаұлы Кенжешов 55 жасқа қараған шағында Covid-19 вирусынан көз жұмды.

Бұл туралы Атырау облысы бойынша Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы хабарлады.

Ербол Хайроллаұлы 1965 жылы 15 желтоқсанда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Құлсары қаласындағы Н.Островский атындағы орта мектепті аяқтаған соң, Өскемен жол-құрылыс институтына түсіп, 1990 жылы автокөлік жолдары құрылысының инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жоғары оқу орнында оқып жүрген 1984-1986 жылдары СССР Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеген. Оқу орнын тәмамдаған Ербол Хайроллаұлы алғашқы еңбек жолын өзі туған өлкесіндегі «ТеңізЖолқұрылыс» тресінде жол шебері болып бастаған.

104438182 179596893600732 7659646568905122979 o 1

1990-1996 жылдары осы мекемеде прорам, учаске бастығы болып еңбек етіп, «Теңіз» кенішін игеру, жабдықтау жұмыстарына ат салысқан. 1996-2002 жылы «Атыраужолдары» АҚ ППДУ басшы қызметін атқарды. 2003-2012 жылдары «КОССК» ЖШС жол учаскесінің басшысы қызметін атқарды.

Ал, 2013 жылдан 2019 жылға дейін «Атыраужолзертханасы» РММ басшысы қызметін, 2019 жылдан 2020 жылдың наурыз айына дейін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.

Еліміздің жол саласының дамуына 30 жылға жуық өз үлесін қосқан білікті маман, білікті басшы Ербол Хайроллаұлының артында жұбайы, 3 баласы қалды.

«Atr-Ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған