img 2130

Атырауда қордаланған проблемаларды шешу жолдары талқыланды

Жаңалықтар СарапTime Шаһар шырайы Экономика Қоғам

Аtr.kz/16 маусым, 2020 жыл. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында өңір үшін өзекті мәселелер жоспарға сай талқыға түседі. Таяуда бірнеше маңызды тақырыптарды талдаған алқалы жиынның жос- парлы отырыстары өтті. Облыстық мәслихат хатшысы Өмірзақ Зинуллин жиынға қатынасып, қордаланған проблемаларды шешу жолы, тиімді тетіктер қарастыру жөнінде қорытындылар жасады.

Қалдық та кәдеге асады

Қоғамдық ұйым өкілдері, салалық басқарма басшылары қатынасқан отырыстардың күн тәртібінде комиссия мүшелері өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына бай­ланысты проблемаларды са­раптады.

Қалауын тапса, қатты тұрмыстық қалдықтар да қыруар қаражат көзі. Тек, бұл мәселеге халықты дағдыландырып, түсінік жұмыстарын жүргізу қажет. Облыстық мәслихаттың Эколо­гия, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы «Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату, сарқынды суларды тазарту туралы» мәселе қарап, осындай түйін жасалды. Бұл ретте Табиғи ре­сурстар және табиғат пайдала­нуды реттеу басқармасы бас­шысы Қадыржан Арыстанның, Энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бауыржан Тұхфатовтың ба­яндамалары тыңдалды.

Облыс көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптауды енгізу, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша технология- ларды қолдану жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Комиссия мүшелері бұл жұмыстарға волонтерлерді тарту туралы ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен бірге, Атырау қаласындағы қолданыстағы ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жерін қалпына келтіру, аудандарда тұрмыстық қалдықтарды қабылдау пункттерін ашу мәселелері талқыланды. Осы бағытта атқарылған жұмыстармен қатар, проблемалық мәселелер де көтерілді. Мәселен, Құрманғазы, Махамбет, Мақат аудандары мен Жылыой ауданының Құлсары қаласында кәріздік тазалау жүйелерін салу – аймақтардағы күрмеулі мәселені шешуге септесері сөзсіз. Сондай-ақ, Атырау қаласының оң жақ жағалау бөлігіндегі кәріздік тазарту имаратын қайта жаңғырту, «Сасық сай», «Квадрат» кәріздік суларды буландыру алаңдарын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыра беру қажет. Бұл іс-шаралардың қай-қайсысы да экологиялық ахуалдың жақсара түсуіне жәрдемдесері анық.

Қаржының қайтарымы қандай?

Келесі кезекте бюджет, қаржы, экономика, және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Бірінші кезекте «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпо­рациясы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының 2019 жылғы инвестициялық қызметі жөнінде басқарма төрағасы Нұрлыбек Алтынбеков есеп берді. Корпорацияның бір жылдық жұмысын талқылаған депутаттар әр жобаның жүзеге асу мерзімі белгіленіп, жұмсалған бюджет қаражатына бақылау жасалу қажеттігін ескертті. Сол секілді ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі жобаларға баса на­зар аударылуы керектігі де сөз болды.

Б а я н д амашы б е р г е н мәліметке сүйенсек, жаңа жо­балар жоқтың қасы. Кәдеге жарап, халық үшін қызмет етіп тұрғандары – бұрын жасақталғандар. Осы және өзге де өңір үшін өзекті мәселелер санатында құрылыстары ұзаққа созылып кеткен «Meken Chiken» ЖШС-нің құс фабрикасы және «Lumpan Caspian Pharmaceuticals» ЖШС басшылығындағы ф а р м а ц е в т и к а л ы қ зауыттың жайы да халық қалаулыларының назары­нан тыс қалмады. Жұмыртқа өндіру бағытындағы «Алмалы құс» серіктестігіне қыруар қаржы бөлінгенімен толық жұмыс жасауға мүмкіндігі жоқ. Себеп – инфрақұрылым дұрыс тартылмаған.

Қалаішілік жолаушылар та­сымалы үшін алынған авто­бустар газбен жүреді. Алай­да, қалада газ құю стансала­ры салынған жоқ. Бағаны тұрақтандыру жұмысына да халықтың өкпе-реніші жетерлік. Осы ретте корпора­ция жұмысында жариялылық арттырылуы қажет. Депутат­тар қаржы бөлінген әр жобаға толық зерттеу жүргізіп, жобаның халыққа қызмет етуін талап етуді тапсырды.

Туризм – табыс көзі

Мұнайлы өңірдің туризм саласын дамытуға мүмкіндік бар ма? Тұрақты комис­сия осы сауал аясындағы ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшы­сы Айқын Елеусізовтың баян­дамасын тыңдады.

Аймақта туризмді дамыту – өзекті мәселенің бірі. Өйткені, бұл саланың облыста кенже қалып келе жатқаны шындық. Олай дейтін себебіміз, өңірде туристерді қызықтыратын орындар аз емес. Ежелгі Сарайшық қалашығы, Индер ауданында орналасқан Тұзды көл, Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінің сағалары – мақтануға, көрсетуге тұрарлық орындардың бірі. Алайда, со­ларды жарнамалау, туристік имиджін қалыптастырудағы жұмыстар жеткіліксіз. Өңірдің туристік әлеуетін арттыру үшін тарихи және мәдени ескерткіштер аймағында ар­найы маршруттар жасақталып, кемпингтік тұрақтар салы­нуы, санитарлық-гигиеналық тораптар өз дәрежесінде бо­луы қажет. Сонда ғана сала оңалмақ.

Жалпы туризмді дамыту, оның сапалы қызметі бүгін де, ертең де өзекті мәселе болып қала береді. Бұл ретте облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Өтешов туристік орын­дар аңыздарға құрылуы қажет екендігін атап көрсетті. Ко­миссия мүшелері тақырып аясындағы түйткілдерді тарқата келе, «Туризм – жастарды отаншылдыққа тәрбиелейтін бірден-бір сала, әрі табыс көзі. Сондықтан осы салаға тікелей басшылық жасап отырған мемлекеттік органның жүйелі жұмысы қажет» деген түйінді ой білдірді.

Білікті маман неге аз?

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бүгінгі деңгейі қандай? Салада ма­мандар жеткілікті ме? Жалпы, білім беру саласына қатысты мәселелерді шешуде қандай жұмыстар атқарылуда? Осы сауалдар аясында өткен Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының оты­рысында облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исанбергенова баяндама жа­сады.

Өз кезегінде депутаттар бұл мәселедегі орын алып отырған кемшіліктерге тоқталды. Мәселені зерделеу барысын­да анықталғандай, мектепке дейінгі білім беру саласын­да педагог қызметкерлердің 41,8 %-ның мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша білімі жоқ, 54 %-ның біліктілік санаты жоқ. Оған қоса, кадр жетіспеушілігі бар.

Мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасына ата- аналар тарапынан көптеген шағымдар айтылып келеді. Қосымша білім беретін педа­гог үшін біліктілікті арттыру жүйесі қарастырылмаған. Осы бағытта мамандарды дайындау үшін көптеген жұмыстар жасалу қажет.

Б а л а б а қ ш а л а р д ы ң 2 0 , м е к т е п т е р д і ң 6 0 , колледждердің 30 пайызында ғана инклюзивті білім беру­ге жағдай жасалған. Сапалы инклюзивті білім берумен мектепке дейінгі жастағы балалардың бар-жоғы 28,2 %-ы және ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар мектеп оқушыларының 46,5 %-ы қамтылған. Инклюзивті орта­да балаларды психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу үшін мамандардың тапшылығы 64 пайызды құрайды.

М е к т е п к е д е й і н г і ұйымдардың 60 % – ы , мектептердің 10 %-ы және колледждердің 18 %-ы әлі күнге дейін жылдамдығы 4 Мбит/с кем интернет желісіне қосылған. Аталған мәселелердің қай-қайсысы да шешімін табуы тиіс пробле­малар қатарында. Сонымен қатар, педагогтардың жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту, оқыту және тәрбиелеу сапасын арттыруға, мамандарды ынталандыру­ды күшейту үшін олардың еңбек жағдайын жақсартуға көңіл бөліну қажет. Түйінді мәселенің тиімді шешімін табу үшін комиссия мүшелері осындай пікір білдірді.

Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша ар­найы қаулы қабылданып, қорытынды жасалды.

Гүлжан ӘМІРОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған