АЙҚЫН МАҚСАТ, БИІК МЕЖЕ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» бастауыш пар-тия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мен насихаттау бойынша облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен жиналыс өтті.

 

Іс-шараға облыстық мәслихат депутаты, техника ғылымдарының докторы, университет профессоры Бекет Кенжеғұлов Атырау қалалық мәслихаты депутаты «Эмбаведьойл» ЖШС бас директоры Марат Шырдабаев қатысты.

Депутаттар Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары, Атырау облысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуды тұрақтандыру бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайында сөз қозғады.

Б.Кенжеғұлов өз сөзінде облыстағы инновациялық жобалар, зейнеткерлер мен студенттердің жолақысын төлеуге қатысты қаржылай көмек беру мәселелері, жас отбасыларын қолдау бойынша облыстағы атқарылып отырған жұмыстар жайына тоқталды.

М.Шырдабаев өңірдің экономикалық әлеуетін көтеру, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау шаралары жайында айта келе, университеттің облыс дамуындағы рөлін, мамандар даярлауда халықаралық стандарттар деңгейінде жұмыстар жүргізіліп отырғандығын атап өтті.

Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының профессоры Ж.Бақи Елбасы Жолдауын қолдаудағы зиялы қауымның атқарар қызметі, кәсіптік-техникалық білім беру, студенттік шәкіртақылардың өсуі жайындағы мәселелерді баяндады.

Экономика және құқық факультетінің аға оқытушысы З.Кенжеғалиева Жолдаудың қаржы-экономикалық, банк саласына қатысты тұстары бойынша баяндама жасады.

Жиын барысында депутаттар оқытушы-профессорлар қойған көптеген сұрақтарға жауап берді.

А.СОЦИАЛҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз