8 наурызда ауа райы қандай болады?

photo 45233 Жаңалықтар

Синоптиктер 6-8 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

photo_45233

Мамандардың айтуынша, алдағы күндері циклон боран мен дауылды жел алып келеді.

«Терең және белсенді циклон Батыс Сібірге ауысады. Онымен байланысты болатын атмосфералық фронттар үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағы арқылы жылжитын болады», – дейді.

Бұған дейін Атырау облысында дауылды ескерту жарияланған. 5-6 наурызда Атырауда күндізгі ауа температурасының 0+7 C-қа қысқа мерзімді жоғарылауы, жауын-шашынның (қар, жаңбыр), кей жерлерде қатты түсуіне байланысты жазық аумақта қардың еруі және еріген қар ағынының қалыптасуы күтіледі.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз